ҚМДБ Жетісу облысы, қалалық “Нұр” мешітінің жастар ісі секторының ұйымдастыруымен “Ислам және ізгі қоғам” жылы аясында “Жастар және ізгі қоғам” тақырыптарымен жас жамағаттармен кездесулер, “Бір айда бір кітап” жобасы аясында жас буын өкілдерімен ой бөлісу, талқылау, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ең алдымен облыстың бас имам Алмас Сағидоллаұлы жылдық жоспарға сай, қалалық “ Нұр” мешітінде ақшам уағызын жүргізіп, жиылған жұртшылықпен зілзаладан зардап шеккен бауырлас елдерге, еліміз үшін дұға қылды. Әрі қарай “Нефис” мейрамханасында жастардың басын қосқан қасиетті Құран кітабының аяттары арқау болған еркін форматта талқылау жиыны болды. Тағлымға толы қайырлы дастарханда ұстаздар сөз мәйегін тамызып, Абайдың, Мағжан Жұмабаевтың кітаптарынан үзінділер айтты. Сұрақ-жауап алмасып, жақсы ойлар ортаға салынды. Руханиятты көтерудің негізгі діңгегі, жастарға дұрыс діни иммунитет қалыптастыру жолдары айтылды. Ізгі қоғам құру өзіңді өзгертуден басталады, отбасыңа қамқор болудан басталады деген ойлар мен уағыздар айтылды.
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4050-zhastar-zh-ne-izgi-o-am.html?print=1&tmpl=component#sigProId307225d28c