Басып шығаруға арналған нұсқасы

ҚАЛА ИМАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

01 Jan 2023 0 comment Оқылды: 218 рет

Талдықорған қаласы бас имам Алмас Сағидоллаұлы бастаған қала имамдары ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлының қабылдауында болды.

Жастарды теріс ағымдардың ықпалынан қорғау, имандылыққа шақыру бойынша атқарылған жемісті жұмыстары үшін Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Биылғы жылы имамдарымыз жылдағы үрдіске сәйкес қала әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қаладағы орта және жоғары оқу орындарында студенттермен біршама кездесу өткізіп, уағыздар айтты. Кездесулер барысында имамдарымыз жастардың зор ықыласына бөленіп, олардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берген болатын.

Әкім тарапынан жыл бойына атқарылған жемісті еңбектің құрметіне орай көрсетілген бұл марапат имамдардың қажырлы жұмысына жаңа серпін береді деп сенеміз.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4034-ala-imamdary-marapattaldy.html?print=1&tmpl=component#sigProId36d8d1d2f1

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз