×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/16022017
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/16022017
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорғандағы РАНТ-тың бір күндегі жеті жүздесуі

16 Feb 2017 0 comment Оқылды: 651 рет

{gallery}16022017{/gallery}

ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық-насихат тобы жұмысын бастап жіберді. Жетісу жеріндегі Талдықорған өңірінде насихат жұмысын Қостанай облысы өкіл имамы, «Марал Ишан» мешітінің бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы бастады. 13-17 ақпан аралығында РАНТ жоспары бойынша өтетін кездесулердің алғашқы күні болған іс-шаралар мынандай болды:

  1. І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті қазақ тілі және әдебиеті факультетінің білімгерлерімен кездесіп, тәрбие және имандылық туралы лекция жүргізді.
  2. Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің жамағатымен кездесіп, тақуалық және мазхаб мәселелері туралы уағыз айтты.
  3. Талдықорған қаласындағы ЛА-155/16 оқшаулау изоляторында, жазасын өтеушілермен кездесіп, дәстүрлі дін туралы түсінік берді.
  4. РАНТ мүшелері, Қостанай облысының өкіл имамы Тәжімбет Бахытбек және Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы, Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының студенттерімен кездесіп, имандылық және ұрпақ тәрбиесі туралы лекция жүргізді.
  5. Талдықорған орталық «Иман» мешітінде діни ағымда болған адамдармен кездесіп, мазхаб мәселесіне тоқтап өтті.
  6. РАНТ мүшесі, Қостанай облысының өкіл имамы Тәжімбет Бахытбек Талдықорған орталық "Иман" мешітінде жиналған жамағатпен жүздесіп, дәріс өткізді. Қазіргі заманның өткір мәселелеріне тоқталып кетіп, бір қатар сұрақтарға жауап берді.
  7. Күннің соңғы кездесуі Жетісу Мемлекеттік Университетінің №1 жатақханасында студенттермен кешкі кездесуде иман, ислам, жастар және дін тақырыптарында дәріс жүргізді. Дәрісті қызыға тыңдаған талабалар өзекті мәселелерге байланысты сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

Талдықорған өңірлік баспасыз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз