×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/09012015
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/09012015
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Лепсі ауылында мәуліт кеші өтті

09 Jan 2016 0 comment Оқылды: 1433 рет

{gallery}09012015{/gallery} Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының ұйымдастыруымен Алакөл ауданы Лепсі ауылында тұңғыш рет жоғары деңгейде Мәуліт мерекесі болып өтті. Бұрын-соңды бұл ауылда көпшілікпен Мәуліт мерекесі бұлай аталып өтпеген еді. Лепсіде қазақ, татар және орыс ұлты сан жылдардан бері берекесі мен ауызбірлігі жарасып тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Рухани кешті Алакөл ауданының орынбасары Салтанат Дәулетханқызы құттықтау сөзімен бастады. Өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с-ның тәрбие мен тағылымға толы ғұмыры жайлы өмірбаянынан сыр шертіп, көпшілік  жүрегін толғандырып көздеріне жас алды. Мәуліт мерекесін Жетісу газеті бас редакторының орынбасары ,ақын  Жұматай Оспанов ағамыз өзінің шебер де майда тілімен қызықты да көңілді жүргізе білсе, әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Данияр Құрамысов Ләббәйк әнін айтты. Айтыскер, ақын Алғысбек Дәурен Пайғамбарға арнау термесін  орындап,  жиналған жұртқа керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз