Қасиетті жұма күні Көксу ауданы, Қызылтоған елді мекенінде мешіт үйі жамағатқа есігін айқара ашты. Қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары мешіттің ашылу салтанатына қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Мешіт-адамдарды мейірімділікке шақыратын, бір біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, мұқтаж болған адам жанына тыныштық табатын сондай бір қасиетті, ұлық мекен бұл-имандылықтың, білімнің- ғылымның ордасы. Кешегі ата-бабамыз армандап кеткен мешітіміз бұл күнде әрбір ауылда бой көтеріп есігін айқара ашып тұр. Ауылымыздың ауызбіршілігінің арқасында Қуаныш Әбдіқадірұлының басшылығымен, ауыл азаматтарының демеушілігімен жаңа мешіт бой көтерді. Айта кетейік ауыл ортасында бой көтерген жаңа мешітке бір мезетте жүз адам еркін сыйып құлшылығын өтей аладады. Мешіттің ашылу шарасы ауыл ақсақалдары Сейсебай Жақан, Әділ Қалқаман, Сатан Елибеков аталарымыздың батасымен басталды. Әрі қарай аудан әкімінің орынбасары Дәулет Кенжеханұлы, ауыл әкімі Дәурен Сабитұлы, Еркін ауылдық мешітінің имамы Омар Хадысұлы, ауданның бас имамы Еділбек Ерімбет сөз сөйлеп, көпшілікке жылы лебіздерін білдірді. Мешіттің салынуына демеушілік жасаған Қуаныш Әбдіқадырұлына ауыл азаматтары Арнұр Еркімбеков, Рүстем Шағатаев, ауыл әкімі Дәурен Сәбитұлы бірігіп ат мінгізді. Ауыл азаматтары шапан жауып, сый-құрметін көрсетті. Бұл күні ауыл тұрғындарының ата-бабаларына арналып ас беріліп, құран бағышталды.
{gallery}koksu.12.12.21{/gallery}