×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/eskeldi.3.12.21
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/eskeldi.3.12.21
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Ескелді: Жаңа мешіт бой көтерді

03 Dec 2021 0 comment Оқылды: 294 рет

Бүгін Алматы облысы, Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылында сәні мен сәулеті жарасқан зәулім мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

Құлшылық ордасының ашылу салтанатына Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, Исламтанушы-ғалым, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы, Ескелді аудандық маслихат хатшысы Қанат Нүсіпжанұлы, Алдабергенов ауыл әкімі Жалғас Бақытұлы т.б. бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ескелді ауданы 16-ға жуық имандылық үйі бар болатын болса, бұл жаңа нысан осы өңірдегі күрделі жөндеу және кеңейып үлкейтілген мешіт болып ашылып отыр.

Салтанатты жиын Ескелді аудан наиб имамы Ертай Бақытбекұлының қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды. Бұдан соң сөз алған Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы барша жиылғандарды құттықтап, өз лебізін білдірді.

 Құрметті бауырлар, біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Құлшылық жасауға барлық азамат құқылы. Құдайға құл, адамға ұл болуды, имандылықты ту етуді мақсат тұтуымыз керек, - деді.

Осыдан соң маслихат хатшымен ауыл әкімі, ауыл ақсақалы мен әжелер құттықтау сөз алды. соңғы жылдар ауылда имандылыққа бет бурған халықтың қарасы көп екенін айта келіп мешіт салдырған жандарға ауыл турғындар атынан алғыс білдірді. Ауыл азаматтары келушылерге өз құрметтерын көрсетіп шапан жапты, әсіресе мешіт құрлысына қолдау білдірген азаматқа ат мінгізіп, ауыл имамы Елісхан Аманбекке ұмра қажылыққа сертификат тарту етті. 

  жаңадан бой көтерген мешіттің Жер көлемі 30 соткты құрайды. Жалпы, құлшылық үйінде бір мезетте 500 адам намаз оқи алады. Тоғыз жолдың торабында орналасқан мешіттің 2 мұнарасы бар. Алла үйінің құрылыс сәулеті ұлттық нақышпен тұрғызылған. Мешіттің кітапханасы, бір дәрісханасы, бір үлкен әйелдер залы, имамдар бөлмесі бар.

Сонымен қатар көлікке арналған автотұрақпен шағын доп алаңына орын бөлінген. Мұнымен қатар, мешіт аумағында қызметтік үй және 100 кісіге арналған асханасы да қарастырылған.

{gallery}eskeldi.3.12.21{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз