×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/13.11.21
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/13.11.21
Басып шығаруға арналған нұсқасы

“Болашақ жарымды қалай таңдаймын?”

13 Nov 2021 0 comment Оқылды: 216 рет

ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, ғалым Сайфуллин Думан Нәдірұлы «Жастар ісі» секторының «Жастарға қызмет көрсету орталығында» ұйымдастырылған «Болашақ жарымды қалай?» таңдаймын атты ақпараттық кездесудің қонағы болды.

Шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқарма басшысының орынбасары Ұлан Боранбайұлы жүргізді. Насихаттық кездесуге ҚМДБ Талдықорған өңірі «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Бердибеков Ерлан сонымен қатар жастар, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарының білім алушылары қатысты.

Келелі кездесудің мақсаты еліміздің болашақ жастарына өмірлік серігін таңдаудағы ерекшеліктерді зерделеп беру.

«Біз ақ некелі жарын «Құдай қосқан қосағым», «жан жарым» деп құрметтейтін халықпыз. Әуелі Алланың, сосын өзінің қалауымен екі жас бірін-бірі тауып, өмірлік серігіне айналып жатса құба-құп. Алайда қазіргі таңда болашақ жарымды қалай тапсам екен деп жүргендер де аз емес. Осы жолда әуелі иманды және өзімен мақсаты ұқсаған жанды табу алғы шарт» -, деп сөз бастаған Думан Нәдірұлы жастарға тағылымды ойлар айтып, сұрақтарына жауап берді. Өте әсерлі де қызықты кездесу жиылған жасқа нәрлі болғаны сөзсіз. 

{gallery}13.11.21{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз