Ихсан жылы аясында РАНТ мүшесі Думан Нәдірұлы қалалық «Тәубе» мешітіне атбасын бұрып, өңірдің бас имамы Алмас Сағидоллаұлының қатысуымен жергілікті имам-ұстаздарға «Көшбасшы имам» тақырыбында семинар-тренинг өткізіп, Құран аяттарынан және хадис ғылымынан мысал келтіре отырып, көшбасшылық, даналық таныту, жас маман тәрбиелеу сынды тақырыпшаларды тілге тиек етті. Тренингті слайд, арнайы тақырыпшалармен әрлеп, үздіксіз даму процессін имамдарымызға алға шарт ретінде бекемдеп алу керектігін, өзін-өзі дамытып отырудың ерекшелік екендігін айтты.
{gallery}ihsan.11.11{/gallery}