Жазиралы Жаркент жерінде жаңа мешіт ашылды
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Алмалы ауылында жамағатты жақсылыққа шақырып, ізгілікке тәрбиелейтін заманауи үлгімен салынған жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, әсем мешіт халық игілігіне берілді.
Имандылық пен ізігілікке шақыратын Алла үйінің құрылысын ауыл халқы ынтымақтаса отырып бірігіп жүргізді. Жаңа мешіттің ашылу салтанатына Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Дәуітов Керімбек, Панфилов аудандық орталық мешітінің бас имамы Серік Шәріп және аудан имамдары қатысты. Әуелде дәстүр бойынша құран оқылып, Панфилов аудандық орталық мешітінің бас имамы Серік Шәріп бата берді. Алғашқы болып сөз алған Талдықорған қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Дәуітов Керімбек жиналған бұқара халықты мешіттің ашылуымен құттықтап, мешіт салудың сауабы мен имандылық иірімдері турасында насихат айтты. Құрметті қонақтар да кезегімен сөз алып, өңіріміздегі рухани жетістіктерге ризашылығын білдіріп, игі тілектерін жеткізді. 500 адамға арналған ас дастарханыннан ашылу салтанатына жиылған қонақтар және ауыл халқы ауыз тиді.
Мешіттер адамзатты ізгілік пен рухани тұтастыққа бағыттайтын орын. Тұғырлы тәуелсіздік пен тұрақтылық арқасында елімізде мешіттер саны артып келеді.
{gallery}Panfilov.14.10{/gallery}