Талдықорған қаласының имамдары "Зират және зиярат мәдениеті" құжатын талқылады. Арнайы іс-сапармен келіп, бас қосуға жетекшілік еткен ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы мұсылманша жерлеу рәсімдерін бірізділікке келтіру жобасымен таныстырды.
Камалжан Бекбосынұлы жобаны іске асыру сатылары, жүйесі, атқару барысындағы түйіткілді мәселелерге кеңінен тоқтады. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды қараумен жобаны ары қарай дамытуды дін қызметкерлеріне тапсырды.
Талдықорған өңірінің бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы өңірдегі қалыптасқан салттық-діни рәсімдердің қызметтерінің дәстүрлік тұрғысынан шариғат сай тұстарымен таныстырды.
Жиын көшпелі түрде одан ары жалғасып, Талдықорған өңірінен «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жауапты жетекшісі Болат Сағынғалиұлы зират басында жерлеу рәсімдерін бірізділікке келтіру жобасының тәжірибелік түрде іске асу жұмыстарымен таныстырды.
{gallery}jerleu.23.08.21{/gallery}