{gallery}24564612{/gallery}
Күллі мұсылман қауымы үшін қуанышты сәт жазиралы Жаркент қаласында жаңа мешіт ашылды. Жамағатты жақсылыққа шақырып, ізгілікке тәрбиелейтін Алланың үйінің ашылу рәсіміне Талдықорған қаласы «Тәубе» мешітінің бас имамы Дауытов Керімбек қадірменді қонақ ретінде қатысты.
Әуелде дәстүр бойынша Құран оқылып, ақсақалдар бата берді. Алғашқы болып сөз алған Талдықорған қаласы «Тәубе» мешітінің бас имамы Дауытов Керімбек Мешіт, Медресе салудың саубы жайында уағыз айтып, Алла үйінің жамағатқа есігін айқара ашылуымен құттықтап, мешіт имамына Қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйлады.