{gallery}564654625{/gallery}Күллі мұсылман қауымы үшін ең ұлық мереке саналатын қасиетті Құрбан айт қарсаңында жазиралы Жаркент өңірінің Талды ауылында жаңа мешіт ашылды. Жамағатты жақсылыққа шақырып, ізгілікке тәрбиелейтін Алланың үйінің ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы мен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, көрнекті дінтанушы, профессор Мұхиддин Исаұлы қадірменді қонақ ретінде қатысты.
Әуелде дәстүр бойынша Құран оқылып, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, көрнекті дінтанушы, профессор Мұхиддин Исаұлы бата берді. Игі шарада ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы алғашқы болып сөз алып Исламның құндылығы мен мешіт, медресе салудың саубы жайында уағыз айтып, жақсылыққа жиналған жұртшылықты имандылық үйінің ашылуымен құттықтап, мешіт имамына Қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйлады. Белгілі дінтанушы Мұхиддин Исаұлы жүрек тебіретер тәлімді уағызын айтты.
Ауыл ақсақалдары батасын беріп, мешіт лентасы қиылды. Құрбан айт тақырыбында облыс бас имамы хұтпа оқып, жамағатпен жұма намазы оқылды.