{gallery}65465464{/gallery}Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауыл мешітінің іші құсни хат жолымен Құран кәрім аяттары Есболат Мағазұлының демеушілігімен Ақмейір ағаның қолымен жазылды.
Қасиетті Құранда былай дейді: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» («Тәубе» сүресі, 18-аят).
Мешіт ұстау – рухани әрі материалдық жағынан мешітті қамтамасыз ету деген сөз. Мешіттің рухани жағына, біріншіден, мешітте бес уақыт намаздың өз уақытында оқылуы жатады. Сосын, сауат ашу жұмысы, қасиетті Құран оқылуы, дұға мен мінәжаттар жасалуы, діни уағыздар айтылуы сияқты тағы да басқа діни рәсімдер кіреді.
Материалдық жағы, біріншіден, мешіт салу. Салынған мешіттің жылу, жарығын көтеру, керекті заттармен оны қамтамасыз ету, садақа жасап, қолдау көрсету, мешітті таза ұстау сияқты амалдардан тұрады.
Демек, мешіт ұстау – мешітке қызмет ету, мешітті көркейту деген сөз.
Ескелді ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі