{gallery}546545{/gallery}ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының ұйытқы болуымен, Қасиетті Рамазан айының құрметіне Талдықорған орталық “Иман” мешіті, қалалық мешіттер, аудандық, ауылдық мешіттерде имамдар мен мешіт жанашырларының ұйымдастыруымен ауызашар қоржындары дайындалып, ауруханада қызмет етуші дәрігерлерге, балалар үйлеріне, көше тазалықшыларына, қоғамдық шаруа қызметкерлеріне және мұқтаж көпбалалы отбасылардың мекен- жайларына жеткізіліп келеді. Рамазан айы басталғалы бері, осы күнге дейін 6000 адамға ауызашар тамақтары жеткізілген.
ҚМДБ- ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі.