{gallery}7568{/gallery}
ҚМДБ Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы жұмыс сапарымен Қаратал ауданында болып, жергілікті діни ахуалға қанықты.
Қасиетті Жұма күнгі намазға жиылған аудан халқына Бас мүфтидің бұйрығымен бас имам болып тағайындалған Жансерік Алпысбаевты таныстырды.
Жансерік Өмірсерікұлы – қызметке келіп отырған осы ауданның тумасы. Қаратал ауданы, Кәлпе ауылының бас имамы, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің наиб имамы қызметтерін атқарған. Жергілікті ақпарат-насихат тобының мүшесі.
Бас имам жамағатқа қос қызметкердің қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі жайында жеткізе келе, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі. Жамағат атынан Ерік Бөлекбаевқа алғыс білдіріп, иығына шапан жауып, ілтипат білдірді. Мешіт көркі болған ақсақалдар қауымы да ақ баталарын беріп, жаңа имамға құттықтауларын жеткізді.