{gallery}5645{/gallery}
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының бекіткен жұмыс жоспарына сай, Ескелді ауданында имамдарға «Ихсан – рухани ілімнің негізі» атты семинар өтті.
Кездесуде Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы ҚМДБ қабылдаған құжаттар жайлы түсіндірме жұмысын жасады. Ал, өңірдің рухани тәрбие бағытына жауапты маманы Ордыбай Мұхаммед Ихсан турасында сөз қозғап, имамдар сұрағына жауап берді. ҚМДБ-ның алға қойған бір мақсаты оңалту бағытында жұмыс жасап, дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру. Осы бағытта оңалту бөлімінің маманы Хамитұлы Тәбәрәк имамдарға семинар түсіндірме жұмысын жүгізді. Шара барысында имамдар аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық қоржындарын үлестірді.