{gallery}6546546{/gallery}Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2021-ші жылды Ихсан жылы деп белгілеуіне орай Талдықорған өңірі, Көксу аудандық Балпық би мешітінде «Ихсан ілімі ізгіліктің бастауы» атты кездесу өтті. Кездесу қонағы Ескелді аудандық мешітінің бас имамы Ордыбай Мұхаммед жиынға келген дін қызметкерлеріне осы түсініктің ілімін жан жақты насихаттап, қазақтың дүниетанымына ежелден белгілі Ихсан іліміне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен әр өңірде алдағы уақытта «Ихсан» ілімін, Абайдың кемел адам концепциясын кеңінен дәріптеп, насихаттау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Алдағы уақытта «Ихсан» тақырыбында түрлі діни кездесулер жалғаспақ.