{gallery}24654{/gallery}
ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің Республика бойынша әр өкілдікке міндеттеп тапсырған тапсырмаларының бірі, жол бойындағы орналасқан мешіттерге келетін жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, тынығатын арнайы бөлме ашу тапсырылған болатын.
Аталмыш бастаманы қолдау мақсатымен, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлының мұрындық болуымен Алакөл ауданына қарасты Балапанов ауылдық мешітінің жанынан тынығу бөлмесі ашылды.
Тынығу бөлмесіне сапарлатып, ары-бері өтетін жолаушыларға жылы сумен дәрет алу, жылы төсек, ыстық шәй ішіп тынығулары үшін, барлық жағдай жасалған.
Сапарларыңыз сәтті болсын!
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі.