×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/4894
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/4894
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорған: Өңірде 430 отбасына қайырымдылық жасалды.

31 Jan 2021 0 comment Оқылды: 312 рет

{gallery}4894{/gallery}

Бүгінгі Қасиетті жұмада, ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің тікелей тапсырмасына сәйкес, бір мезетте Республика бойынша «Тайқазан» жобасымен ҚМДБ «Қайырымдылық жаршысы» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға Талдықорған өңірі бойынша барлық аудан-қала, тіпті ауыл имамдарымен еріктілер бірлесіп, жоғарғы деңгейде ат салысып, өңірдегі мұқтаж жанұяларға түрлі азық-түлік, қаржы, ұялы телефондар жеткізіп берді.

Атап айтсақ, жалпы салмағы 20 келіге жуық әр қорапта  халық  күнделікті ең көп тұтынатын (ұн, май, күріш, шай, қант, қарақұмық) тағы басқада заттар  бар әрі 20 оқушыға ұялы телефон, 10 отбасына 40 мың теңгеден жалпы саны 400 000 қаржылай көмек берілді.

Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы:  — Мұндай мұқтаж жандарға көмек көрсету мешітіміз тарапынан еш тоқтаған емес.

Бұдан былайда жалғаса береді. Мәселен, өткен 2020 жылы демеушілердің көмегімен 187 миллион теңгенің көмегі көрсетілді.Атап айтсақ, оның ішінде 20 отбасына табыс етілген баспанада бар. Енді міне, Алла қаласа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық аймағындағы мешіттерде бір мезгілде ҚМДБ «Қайырымдылық жаршысы» атты шара өтуде. Азық-түлік салынған себеттер мұқтаждардың үйлеріне жеткізіліп, қуанышты жандарды көргенде мейірімді жүректер елжірейтіні даусыз екен.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз