{gallery}567416{/gallery}
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастырумен орталық «ИМАН» мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ИСЛАМ-МӘДЕНИЕТ ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ» атты Республикалық IV имамдар форумында «Ас беру мәдениеті», «Зират және Зиярат мәдениеті», «Зияткер имам тұжырымдамасы» атты қабылданған құжаттарды таныстырып, зиялы қоғам белсенділерінің пікірін білу мақсатында облыстың басқарма басшыларының, ақсақалдар кеңесі мүшелерінің, мешіт қамқоршылар кеңесі мен имамдардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.
Бұған дейін Қаратал және Көксу аудандарында өткен шараның жалғасы болған аталмыш жиында құжаттарды жетісу жұртшылығына кеңінен насихаттау, мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыруда ақсақалдар кеңесі мүшелері мен қоғам белсенділерінің арасында дәріптеу сынды ойлар тілге тиек болды.
Сонымен қатар, кездесу соңында өңірдің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Бас мүфти атынан «ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙ» төсбелгісімен ҚМДБ Талдықорған өңірінің наиб имам, қалалық «НҰР» мешітінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлын, Көксу ауданының бас имамы Еділбек Талқанбайұлын, Үштөбе қаласының бас имамы Таласбай Абударданды, Сарқан ауданы, Көкөзек ауылының имамы Мәжит Шаріпханұлын марапаттады. Ал, Ескелді ауданының бас имамы Ордыбай Мұхаммедке «ХАЛАЛ ДАМУ» ЖШС директорының алғыс хаты табысталды.