Басып шығаруға арналған нұсқасы

ИМАМДАРДЫҢ IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

10 Dec 2020 0 comment Оқылды: 232 рет

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай мүфтият ғимаратында «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» тақырыбында имамдардың IV республикалық онлайн-форумы басталды.

Форумға Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Діни басқарманың өңірлердегі бас имамдары, сондай-ақ онлайн режимде 1000 дін қызметкері қатысуда.

Форум мақсаты – мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыру және зияткер имам мәртебесіне лайықты дін қызметкерлерін іріктейтін құжаттар қабылдау.

Форумның қорытындысы бойынша «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданады. Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.

 

 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз