{gallery}20092020{/gallery}Бүгін Жетісу жерінде ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «30 жылға 30 игі» жоба аясында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі мен «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастырумен еліміз бойынша бір уақытта бастау алған «КӨШПЕЛІ КЕРУЕН» қайырымдылық шарасы болып өтті. Шараның мақсаты көмекке зәру болған мұқтаж отбасыларға, көпбалалы отбасыларға жәрдем беріп, мұқтаждарға медет сыйлау. Өкілдіктің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының ұйытқы болуымен іске асқан шараға, жақында ғана қайырымдылық тізгінін ұстаған Хадыс Омар имамның ұйымдастырумен автоеріктілер жұмылдырылып, үйді-үйді аралап, 30 отбасына қайырымдылық қоржыны үлестірілді.