Басып шығаруға арналған нұсқасы

Жастар ісі секторының мамандарына онлайн семинар өтті.

19 Aug 2020 0 comment Оқылды: 316 рет

Талдықорғанда Жастар ісі секторының мамандарына онлайн семинар өтті.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өкілдікке қарасты қала-ауданда жастар бағыты бойынша қызмет атқаратын жас имамдарға және Жастар ісі секторына жауапты мамандарға онлайн ZOOM форматында «Жастарға діни бағыт-бағдар беруде жалған ақпарттардың алдын алу мәселелері мен насихат жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында семинар тренинг болып өтті. ҚМДБ-ның «Жастар ісі» секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлының тапсырмасына сай, өңірдің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының ұйытқы болуымен өткізіліп отырған онлайн жиынды ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Жастар ісі» секторының меңгерушсі Ерлан Кеңесбекұлы бастап берді. Шарада Алматы облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға қарасты орталық басшысының орынбасары Ержан Жанатұлы Дәулетбаев «насихатты жүргізу жолдары, сөз сөйлеу шеберлігі, ораторлық қабілетті шыңдау» турасында дәріс өткізсе, Алматы облысы дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы Игенбай Айдос Назкенұлы арнайы дайындалған слайдпен «Ғаламтордағы керіағымдардың жұмыс бағдары» турасында сөз қозғады. Ал, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша медиа бөлімінің маманы Бақыткелді Жамбыл имамдарға ғаламтордың техникалық бағыт бойынша видео-слайд форматында дәріс өткізді. Бүгінгі тренингте көптеген сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар берілді. Шараның мақсаты имам-ұстаздарға жастармен жұмыс жасауда, оңтайлылылық, әдіскерлік, сөз саптау шеберлігіне баулу, бағдар салу.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз