Сөзсіз, Рамазан – шүкірлікті талап ететін Алланың ұлы нығметі! Бұл айда мейірім төгіледі, күнәлар мен жамандықтар кешіріледі, сауаптар еселенеді, рух жаңарады, иман күшейеді.
Бұл айдағы ораза мұсылманды сабырлыққа, шыдамдылыққа, нәпсісін тыюға, құмарлығын жеңуге, Раббысынан қорқуға тәрбиелейді. Бір ғұламадан: «Не себепті ораза бекітілген?» деп сұралғанда: «Байдың аштықтың қадірін түсініп, кедейді ұмытпасы үшін» деп жауап берген екен...
Сондай хикмет иесі Алланың өзіне беріп қойған нығметін басқалармен бөлісуді ниет етіп, өз атының аталмағанын қалаған бір бауырымыз алдымен зекетін беріп мойнындағы парызынан құтылған соң ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша "Зекет" қорымен бірлесіп ауызашар берді. Құрметті айдың қасиетті екінші жұмасында берілген бұл ауызашар 150 адамды қамтыды. Ал, ораза ұстаған жанға ауызашар берудің сауабына сөз жетпес.
Ахмад пен Тирмизидегі хадисте: «Кім ауыз бекіткен адамды тамақтандырса, оның оразасымен тең сауап алады және ораза ұстаушының да сауабы кемітілмейді» деген...
Алла Тағала осы ауызашарға себепкер болған бауырымыздың және ас дайындап, оны үй-үйге тасып қызмет көрсеткен барша бауырларымыздың дүние істерін жеңілдетіп, қияметте сауап таразыларын ауырлатсын!
{gallery}zeket8{/gallery}