Біздің бүкіл болмысымыз осы екі-ақ ауыз сөзге сыйып кеткендей. Себебі, мұсылман адам көршісі аш отырып, өзі тоя тамақ жемейді. Себебі, мұсылман біреу жәрдем сұраса, оған көз жұмып қарамайды. Жоқ дегенде оларға жаны ашып, ішінен дұға жасап өтеді. Себебі, бұл – біздің қанға сіңіп қалған адамдық қасиетіміз. Бұл біздің ғана емес, Адам атадан (а.с) тараған бүкіл адамзат баласының болмысында бар нәрсе. Шынында да, жасалған жақсылық тек Алладан ғана қайтады. Алла – Есепке жүйрік, барлық нәрсені Білуші, Әділетті және жасаған жақсылығыңның сыйын Еселеп Қайтарушы! Сондай рахымды Алланың қайырымды құлдары ҚМДБ-ның Талдықорған өңіріне қарасты Көксу аудандық "Зекет" қорының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының алдында 30 отбасыға азық-түлік таратты. Сауапты амалды атқарған азаматтарға алғыс айта отырып, алдағы уақытта да қайырымдылыққа жаны құштар жандарды "Зекет" қорымен бірге шуағын шашуға шақырамыз!
{gallery}zeket7{/gallery}