ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің осынау қиын сәтте елге қайырымдылық бағытта үлес қосайық деген Үндеуіне Жетісу мешіттері жамағаттарының "Жақсылыққа жарысайық" еріктілер тобы да үн қосты. Еріктілер тобының мүшесі, "Жетісу" футбол клубының қатысушысы Аслан Дарабаевтың қаржылық қолдауымен көпбалалы 30 жанұяға қайырымдылық көмек көрсетілді. Талдықорған өңірі бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы қайырымдылық тобын өзі бастап, бөлінген азық-түлікті мұқтаж отбасыларға табыстап Наурыз мерекесімен құттықтады.
{gallery}Kayrym{/gallery}