×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/Erlan
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/Erlan
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Абай тағылымының дінмен ұштастығы

27 Feb 2020 0 comment Оқылды: 372 рет
Жетісу мемлекеттік колледжінде ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің жастар ісі секторының меңгерушісі Ерлан Бердибеков «30 игі шара» аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын дәріптеу мақсатында «Абай тағылымының дінмен ұштастығы» тақырыбында студенттерге дәріс өткізді. 
        Жиынның мақсаты болашақ ерікті жастарға Абай тағылымын, лирикасынындағы діннің рөлін насихаттау.
        Кемеңгер Абай кемелдікке жеткен шағында иман (қазақша – Құдайға сенім), оның тағатқа (құлшылық қылу амалдары) қатысы және Тәңіріні тануды басты деп біліп, осы мәселелерді танып-білуге ден қойған болатын. Және оны өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне арқау еткен.
        Шара барысында көптеген құнды дүниелер мен  бала Абайдың медреседен бастап, тұлға болып қалыптасуына әсер еткен өзекті мәселелер, отбасы, әжесі Зеренің тәрбиесі жайында да сөз қозғалды.
       Сұрақтар қойылып, белсенді болған студенттерге «Өнер Қырандарының» рухани кешіне билеттер сыйға берілді.
#алматыоблысы#талдықорғанмешітініңжастары#еріктілержылы2019#жетісужастары#muftyat #jastarsektory #bizbirgemiz#
{gallery}Erlan{/gallery}
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз