Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінде Жәрмеңкемен жәрдемдес атты шара өтті. Шараға Жұма намазына келген жамағаттар қатысты. Жәрмеңкенің мақсаты Жәрмеңкеден түскен қаражатты әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы аналларға қаржылай, дәріге немесе азық – түлікпен көмек көрсету. Мешіт тарапынан бір қазан күріш дастархан жайылып пісіріліп және жамағат тарапынан әкелген қолдан пісірілген тағамдар ең төмеңгі бағада сатылды. Түскен қаражатқа 4 отбасыға көмек көрсетілді. Мешіт имамы Аман Айтбосынұлы Қасиетті Құранда келген Маида сүресінің 48 аятты тілге тиек етті. Аятта Иман еткен құлдарына Алла Тағала « Алайда сендерге берген жол – жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар» деген аяттан мысал келтірді. Атсалысқан жамағатқа өз ризашылығын білдірді.
{gallery}tekeli27{/gallery}