×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/rant4
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/rant4
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Еркебұлан Қарақұлов Жетісу жерінде

14 Feb 2020 0 comment Оқылды: 415 рет

Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Шымкент қаласы “Билал” мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Талдықорған өңіріне насихат сапарымен болып, бір-неше нысандарда кездесулер өткізді.

Алматы облысы дін істері басқармасы, Дін мәселелерін зерттеу орталығы, Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі және ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің жастар ісі секторы ұйымдастыруымен Еркебұлан Қарақұлов І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанындағы колледж тәлімгерлері, Жолдасбеков атындағы заң академиясы 1-2 курс студенттері және Талдықорған қаласы № 24 мектеп-лицейде жоғары сыныптарда оқитын қыз балалармен "Әлеуметтік желілердегі діни ағымдардың тигізер қаупі", "Ұлт болашағы", “Дін және жастар танымы” сынды кездесулер өткізді. Аталмыш кездесулерде білім алудың маңызы, уақыттың қадірі, жастар тәрбиесі, ұлтжандылық, рухани тәрбие, қыз бала тәрбиесі және болашақ ұлт тәрбиесі туралы сөз өрбіді. Кездесу барысында жастар көкейдегі жүрген сұрақтарын қойып, еркін түрдегі болған жиындарда тұщымды жауаптарын алды.

Сонымен қатар, РАНТ мүшесі Талдықорған қаласындағы “Иман” және “Нұр” мешіттерінің жамағаттарымен де жүздесті. Дастархан басында бас қосқан жамағат жас ғалымның уағызынан сусындап, өздерін мазалап жүрген шариғи мәселелердегі сұрақтарына жауап алды.

Еркебұлан Қарақұлов облыстық "Жетісу" телеарнасы "Тұжырым" бағдарламасында сұхбат берді. Бағдарламада қазіргі заманда мұсылманның тұлғасы, жат ағымның сипаттарымен сақтану жолдары әңгімеге арқау болды.

Сондай-ақ, насихат Талдықорған қаласы түзету колониясындағы жазаларын өтеушілермен де нүктелі және жеке форматында кездесулермен жалғасты.

{gallery}rant4{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз