×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/halal1
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/halal1
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Талдықорған: Халал сертификаты табыс етілді

11 Feb 2020 0 comment Оқылды: 355 рет

Талдықорған өңірінде халал стандартына сай сертификатты тағы да бір кәсіпорын иеленіп, адал өнімдерін шығаратын нысандардың қатарымен толықты.
Бөдене еті мен жұмыртқасына қазіргі уақытта батыс елдерінде сұранысы жоғарылап тұрғандығы белгілі. Сол себептен, “Даму” атты кәсіпкерлікті дамыту арнайы оқуын бітіріп, мемлекеттің көмегін пайдалана отырып, Талдықорған қаласында “Кривита” жеке кәсіпкері бөдене шаруашылығын дамытуға кірісті. Қазіргі таңда иісі мұсылман баласының адал өнімдерге сұранысы көтеріле бастағаны мәлім. Аталмыш кәсіпкер бөдене жұмыртқасы мен етін халал стандартына сай өндіріп қана қоймай, бөденеге берілетін жемін де тек өсімдіктен ғана берілетініне мән беріп келеді.
Сол себептен де, бүгін ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінде Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы аталмыш кәсіпкерге шығарылатын жұмыртқаның халал өніміне сай екендігін куәландыратын арнайы сертификатты табыс етті.

{gallery}halal1{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз