Еріктілер жылы және ҚМДБ-ға 30 жылдығына 30 игі іс-шара аясында Алматы облысы дене шынықтыру, спорт басқармасы, Жастар саясаты жөніндегі басқармасы және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жамағаттары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті шыңдау мақсатында "Жарасымды жамағат" атты 2020 жылғы қысқы спартакиада болып өтті.
Спартакиада ойындары мына бөлімдерден өтті:
1. Шаңғы жарыс – ерлер 2,4 шақырым, ал, әйелдер 1,2 шақырым қашықтыққа жарысты. Аталмыш жарыста жүлделі орындар белгілі болды. 1 орын Нұрғалиев Дамир, 2 орын Михеев Алексей, 3 орын Рыспаев Бауыржан, 4 орын Жазылбеков Бауыржан, 5 орын Беляков Анатолий иеленді. Сондай-ақ, бүгін 67 жасқа толып, жарысқа қатысқан Рамазанов Жұмабекке де сыйлық табысталды.
2. Көңілді эстафета - Командалық эстафетаға 6 команда "Иман", "Нұр", “Жетісу", Еркін", "Көктал" мешіттерінің жамағаттары және Талдықорған қаласындағы қарилар даярлау орталығы шәкірттері қатысып, "шаңғы жарыс, қаппен секіру, баллон тарту, таяқпен доп алып өту, кедергіден шаңғымен өту" сынды сынақтардан өтті. Жалпы командалық есеп бойынша 1-нші орын “Еркін” мешіті жамағаты, 2-нші орын “Иман” мешітінің жамағаты, ал, 3-нші орын “Жетісу” мешіті жамағатына тиесілі болды.
3. Жеке сайыстар – Садақ атудан жарыс және толағай күрес.
Бұдан бөлек, отбасылық қысқы серуенге шыққан жамағатқа: серуенге арналған аттар, атшаналар мен мотошаналар тегін қызмет көрсетті.
Жарысқа жиналған барша қатысушылар мен көрермендерге түскі уақытта арнайы ас және ыстық шаймен қамтамасыз етілді.
Жарасымды жамағаттың жарысқа қатысу нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған кісілер арнайы тағайындалған грамоталар, медальдар және тұрмыстық техника сыйлықтармен марапатталды.
{gallery}spartakiada{/gallery}