Көксу ауданы Балпық би ауылы Мәмбет ауылдық мешітінде Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы «Жеті рухани қазық» құжатын таныстырып, жалпы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Жиын барысында асыл дініміз – бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын пәк дін екені айтылып,сонымен бірге ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы жайында толыққанды баяндалып және де басқа өзекті мәселелер жан-жақты насихатталды, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
{gallery}koksu24{/gallery}