×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/tekeli25
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/tekeli25
Басып шығаруға арналған нұсқасы

«Қариясы бар қазына» атты шара

19 Dec 2019 0 comment Оқылды: 436 рет

Елордамыз Нұр Сұлтанда өткен IX Дінтанушылар форумында Бас муфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Ақсақалдар иниститутын құру туралы сөз қозғаған еді. Әуелгі уақытта Ақсақалдар мен ауыл ағаларының рөлі үлкен еді. Кейде отбасылық мәселелердің оң шешімін табуға сотқа жүгінбей арызданбай отбасылық құндылықтарды дұрыс шешілуіне жәрдемдесетін болған. Қазіргі таңда сол ақыл айтып бір сөзге келетін қариялар жоқтың қасы. Сол себепті Бабалардан мұра болып қалған Дін мен дәстүр, мәдениет – біздің ұрпақтың ұлт, халық болып қалуына, тәртіпті, тәрбиелі, иманды ибалы болып қалыптасуына септігін тигізетін рухани күш. Қазақта «Дәстүріңді баққаның – үмітіңді жаққаның» демекші болашақ жастардың қолында. Сол себепті Текелі Қаласы «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлының ұйытқы болуымен Текелі қаласының ақсақалдарына семинар өткізді. Семинарда Аман имам Қоғамда Ақсақалдарың орны қадірі жайында сөз қозғады. Текелі қаласы Ардагерлер ұйымының төрағасы Ертай бұл күттірмейтін мәселе екенін тілге тиек етіп жақын арада Ақсақалдар ұйымын құрып ол жерде Жастармен тығыз байланыс жасау керегін айтты.

{gallery}tekeli25{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз