Көксу ауданы Жамбыл ауылдық мешітінде Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы «Жеті рухани қазық» құжатын таныстырып, жалпы түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Жақында өткен ІІІ Имамдар форумында қабылданған бұл тарихи құжат жамағат бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырта түсуге бағытталған. Аталмыш құжаттағы адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті қасиет: имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділетті болу сынды асыл қасиеттердің пайдасы мен хикметі түсіндіріліп, мешіт жамағатын осы қасиеттерді насихаттау, ұлттық болмысымызға сіңіру жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
{gallery}koksu21{/gallery}