×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/forum3
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/forum3
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ТАЛДЫҚОРҒАН: ІІІ АЙМАҚТЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ ӨТТІ

14 Nov 2019 0 comment Оқылды: 392 рет

Жетісу орталығы Талдықорған қаласында "Рухани құндылықтар - қоғам бірлігінің негізі" атты ІІІ аймақтық имамдар форумы болып өтті. Форумға ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Есмағанбет Нұрбек Әуесханұлы, Талдықорған өңірінің бас имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы, Алматы облысы дін істері басқарма басшысы Есдәулетов Рахмет Разбекұлы, зиялы қауым өкілдері, өңір имамдары қатысты. Форумның мақсаты Республикалық имамдардың 3-нші форумында қабылданған "Жеті рухани қазық" атты Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасымен таныстыру.
Форумда сөз алған Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың форум қатысушыларына ыстық сәлемін жеткізіп, форумның нәтижелі болуын тіледі. Сондай-ақ, өз сөзінде Нұрбек Әуесханұлы республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттармен таныстырып өтті. Олар, “Діни лауазым тізілімі және міндеттері”, “Діни рәсімдер тізілімі” және “Жеті рухани қазық” Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы.
Келесі сөзде Алматы облысы дін істері басқарма басшысы Рахмет Разбекұлы имам қызметінің өмірдің әр саласында орын алатындығын және қоғам тыныштығымен ынтымағына дін қызметінің орасан әсері туралы тоқтала кете, ҚМДБ жетістіктеріне өзінің ризашылығын білдірді.
- “Жеті қазық” рухани тұғырнамасының әр бір жеті тармағындағы жеті тақырыбын, жалпы жыл бойы 49 жұма намаздарында насихаттап өтетін болсақ, “рухани қазықты” бойымызға сіңірген нағыз қазақ жамағаты болып шыға келетін едік. “Жеті рухани қазық” тек имамдардың еншісінде емес, бұл жалпы ұлт және ұрпақ үшін жасалынып жатқан нәрсе” – деп форумда өз ойы әрі ұсынысымен ҚР мәдениет қайраткері, ақын, облыстық “Жетісу” газеті бас редактор орынбасары Жұматай Оспанұлы бөлісті.
- “ХХІ ғасырдың ғылым жолымен үйлескен түрде, “Жеті рухани қазық” арқылы әр бір қазақ өзінің санасын өзгерте алады деп сенемін” – деді философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қасабек Аманжол Қасабекұлы.
Жетісу орталығында өткен аймақтық имамдар форумы нәтижесі бойынша Үндеу қабылданды.
"Тұғырнама мұсылманның тұлабойында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтқанда, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық. Біз – ІІІ аймақтық имамдар форумының қатысушылары, барша отандастарымызды, Талдықорған аймағының тұрғындарын «Рухани жеті қазық» құжатына қарап бой түзеп, ізгі қала, ізгі қоғам қалыптастыруға үндейміз!" делінген үндеуде.
Сонымен қатар, форумда имамдарға бас мүфти атынан алғыс хаттар табысталды.
Дін қызметіндегі елеулі жетістіктері үшін бірқатар имамдарға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз атынан алғысхаттар табысталды. "Қайырымды имам", "Мейірімді имам", "Үздік ұстаз" және "Білікті ауыл имамы" номинациялары бойынша алғысхаттарды бас мүфти атынан ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы табыс етті.

{gallery}forum3{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз