Кербұлақ ауданының бас имамы Яқып Айсаның ұйымдастыруымен мәуліт мерекесіне арналған «Адамзаттың абзалы» атты рухани кеш өтті. Мәуліт кеші Құран оқылумен және Талдықорған өңірі «Иман» мешітінің найб имамы Дәутов Керімбектің Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туралы айтқан өнегелі насихатымен басталды.
Рухани кеште ауданымызға танымал әншілер ғибратты жыр-термелер орындап, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетілді. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өнегелі өмірі жайлы бейнероликтер халық назарына ұсынылды. Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауаттар оқылып, сәлемдер айтылды.
Іс-шара соңынан аудандық мешіт асханасында 250 адамға дастархан жайылды
{gallery}kerbulak7{/gallery}