ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі жастар ісі секторының мұрындық болуымен республикалық мұрағат ғимаратында "Қарттарым - асыл қазынам" атты кездесу өтті. Кездесуге ұлттық мұрағатта ұзақ жылдар бойы қызмет жасап, еңбек демалысына шыққан мұрағат қызметкерлері, Талдықорған қаласы "Жетісу" мешітінің бас имамы Жұмағалиев Болат қатысты. Кездесуде қариялар өз ойы, ақыл-кеңесімен бөлісіп, дәстүрді ұштастырған асыл дініміздің өскелең ұрпақтың тәрбиесіндегі рөлі мен маңызын атап өтті. Қарттар күнімен құттықтаған бас имам Жұмағалиев Болат қарт-қарияның баталарын алып қайтты.
{gallery}jetisu{/gallery}