"Үлкеніне құрметпен, кішіге ізетпен қарамаған бізден емес" деп қасиетті хадисте айтылғандай, Талдықорған өңірі өкілдігі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен халықаралық қарттар күніне орай қазынамыз болған қарт-қарияларға сый-сияпат ретінде сыйлықтар таратылды. Ілияс Жансүгіровтің Талдықорғандағы әдеби-мемориалдық мұражайында жиылған қарттарға "Нұр" мешітінің бас имамы Алмас Сағадолдаұлы өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлының сәлемін жеткізіп, ақсақалдарды мейрамымен құттықтады. Жиында концерттік бағдарлама ұсынылып, мешіт атынан сыйлықтар үлестірілді.
Сондай-ақ, "Қарттарым - асыл қазынам" атты іс-шара арқылы 30-дан астам қарт кісілерге сыйлықтар таратылды.
{gallery}karttar{/gallery}