×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/kerbulak4
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/kerbulak4
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Кербұлақ ауданында имамдар ауысты

20 Sep 2019 0 comment Оқылды: 533 рет

Кербұлақ аудандық мешітіне "Нұр Мүбарак" университетінің түлегі, магистр Яқып Айса тағайындалды.Жаңа қызметке келген имам бұрыңғы аудан имамы Мүтебаев Қанаттың басқа қызметке ауысуына байланысты орнына бекітілді. Бас мүфтидің бұйрығын Талдықорған орталық "Иман" мешітінің найб имамы Дәуітов Керімбек оқып, жиналған жамағатқа жаңа имамды таныстырды. Бұрыңғы имамға атқарған қызметіне алғыс айта келе, жаңадан бекітілген имамның қызметіне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылындағы "Ақ мешіткеде" бұрыңғы имамы Нұқтар Бердібектің басқа қызметке ауысуына байланысты орнына Масаншы медресесінің түлегі  Арқабаев Серікбол тағайындалды. Тағайындау жайлы бас мүфтидің бұйрығын Талдықорған орталық "Иман" мешітінің найб имамы Өкен Шынарбек оқып беріп, бұрыңғы имамға атқарған қызметіне алғысын айта келе, иығына жамағаттың атынан шапан жауып, шығарып салды.

{gallery}kerbulak4{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз