Текелі қаласы №5 орта мектебінде «Отбасы – алтын діңгек» атты қалалық жас отбасылар сайысы өтті. Шараға Текелі қалалық «Керімбек би» мешітінің Әйел – қыздар секторының жетекшісі Ыбрай Балжан қатысып Исламдағы отбасы құндылықтары жайында сөз сөйледі. Шара барысында отбасылар салт-дәстүрмен сабақтасқан сұрақтарға жауап беріп, отбасы құндылықтарын дәріптейтін көріністерді көрермен назарына ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, ата-бабадан мирас болып қалған мәдени мұраны жеткіншектердің зердесіне сіңіре білді. Аталған шараның құрметті қонағы болып, қаламыздағы көпке үлгі бола білген Сүлейменовтер отбасы мен Сидехменовтар отбасы қатысты. Сайыста барлығы 5 отбасы бақ сынасып, үздіктер дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
{gallery}tekeli20{/gallery}