×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/enbek
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/enbek
Басып шығаруға арналған нұсқасы

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАРИЛАР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

07 Sep 2019 0 comment Оқылды: 511 рет

Бүгін қасиетті жұма күні Талдықорған қаласы Еңбек ауылында "Талдықорған" жеке қайырымдылық мекемесіне қарасты қарилар даярлау орталығының салтанатты түрде ашылу рәсімі болып өтті.

Ашылу салтанатына ҚМДБ бөлім басшылары К. Тұрдыбаев, С. Дәулетияр, Б. Әлиев, Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Е. Шоқай, найб имамы Е. Әміреұлы, ҚМДБ Талдықорған бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы, аудан имамдары, облыстық дін істері басқармасы өкілдері, облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы басшысы Н.Теңізбаев, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиын Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. ҚМДБ-ның заңгері Дәулетияр Сағитжан батасын жасады. Сөз тізгінін алған ҚМДБ-ның қайырымдылық және уахып қоры меңгерушісі Камалжан Тұрдыбайұлы бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің ыстық лебізімен сәлемін жеткізді. Еліміздегі Құран жаттаған қари-хафиздердің көп болуын тіледі. Арнайы қонақ ретінде келген Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек қари Шоқай жаңадан ашылған орталыққа сый-сияпатын жасады. Аталмыш орталықтың директоры болып Мадияр қари Қайратбекұлы тағайындалды.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының бастамасы болған бұл тарихи оқиғаға куә болған көпшілік ғимараттың қызыл лентасын қиып, ортлақтың түлектері тәуелсіздігіміздің туын биікке көтеріп, түлей беруін тіледі.

{gallery}enbek{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз