Алматы облысы Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінде Құрбан айт игілікпен мейірімділік мерекесі аталып өтті. Шараға «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы және мешіт ұжымы қала кәсіпкерлері Текелі қалалық «Зекет» қоры бірігіп бас қосып ұйымдастырылған Құрбан айттық ақ дастархан жайылып Құрбандық еттері таратылып қайырымдылық шара жасалды. Құрбан еті шариғат бекетіп бергендей мүгедек, көп балалы отбасыларға, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға 15 қой Құрбан шалынып 270 кг ет 65 адамға таратылды. Қала әкімі Бақтияр Әлтай жиылған қауымды Айтпен құттықтап ізгі ниет тілегін білдірді.
{gallery}tekeli16{/gallery}