Бүгін күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні Ақши ауылында сәні мен салтанаты жарасқан сәулетті де көркем мешіт ашылды. Мешіт ауыл халқының қаражатына салынып басталған еді. Басқа да азаматтар қол ұшын созып, құрылысы аяқталмай қалған. Ауыл халқының өтінішін қабыл алып, құрылтайшысы Болат Әбішұлы болған "Салихалы ұрпақ" қоғамдық қорының демеушілігімен мешіттің құрылысын аяқтап, халық игілігіне тапсырды.
Мешіттің ашылуына Талдықорған өңірінің найб имамы Керімбек Сәрсембайұлы келіп, өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлының сәлемін жеткізіп, қор басшысына алғыс хатын табыстады. Аудан әкімінің орынбасары Алмас Сапарғалиұлы да өз кезегінде Ақши мешіті ауданымыздағы көрікті мешіттердің бірі екенін тілге тиек етіп, демеушілерге оң ниетін білдірді. Ауыл молдасы Серікбай ақсақал ауыл халқы атынан алғысын айтып, "Салихалы ұрпақ" қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков мырзаның иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.
Мешіттің лентасы қиылып, алғашқы жұма намазы оқылды. Ауыл халқының жүздерінде қуаныш орнап, көптен күткен армандары орындалған күніне шүкір айтып, ризалықпен тарқасты.
{gallery}alakol10{/gallery}