Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының көп балалы, аз қамтылған, жалғыз басты аналарға, т.б мұқтаж жанұяларға көпшілікпен үлес қосып, баспана әперу мақсатындағы "ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ" қайырымдылық жобасы бойынша бүгін жұма намазынан кейін Алакөл аудандық орталық мешітінде "ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ" атты қайырымдылық жәрмеңкесі болды.
Жәрмеңкеден түскен қаражат Қабанбай ауылының тұрғыны, көп балалы, Ақшолақова Светлана Мұхамедқызына (өзінің өтініші бойынша) баспана әперу үшін жұмсалады.
{gallery}alakol4{/gallery}