Әз наурыз — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Әз-Наурыз – көшпелі халықтың қош көрген бірден-бір төл мерекесі. Қазақ халқы бұл мерекені айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған. Иә бұл кезең нағыз жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы десек те болады.. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурыз көже дайындалады.
Жыл сайынғы дәстүрімізге сай Ақсу аудандық мешітінде де Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін дәстүрлі наурыз көжесіз елестету мүмкін емес.Мешіт ауласына қазан-ошақ қойылып наурыз көже дайындалып, дастархан жайылып ұлттық тағамдармен келген қонақтар күтілді Одан әрі ұлттық ойындарымызбен ұласқан мерекеміз, ұлттық-спорттық ойындарымен жалғасын тапты. Нағыз білекті жігіттерге арналған спорттық ойындар тартысты өтті. Ақ мол болсын, өрісіміз төрт түлікке толып, құт қонған сайын даламызда егін жайқалып, ырысымыз бен берекеміз арта түскссін! Ізгі амалдарымыз көбейіп, екі дүниеде де бақытқа кенелгендердің қатарынан болуымызды нәсіп еткей!
{gallery}aksu11{/gallery}