Алакөл аудандық орталық мешітінде мешіт имамдары мен жамағаттары бірлескен "АТА АНАҒА ҚҰРМЕТ – ПЕРЗЕНТ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТ" атты игі іс-шара болып өтті.
Аталмыш шарада Үшарал қалалық мешітінің бас имамы Ринат Мұқашұлы "Ата-ананың қадірі" тақырыбында уағыз айтып, ата-аналарға арнайы әзірленген сыйлықтар табысталды. Ата-аналар Үшарал қаласындағы "Өркен" кафесінде арнайы жайылған дастарханға жайғасты. Дастархан басында ауданның найб имамы Мақсат Нұрмұратұлы "Исламдағы әйелдердің орыны" турасында уағыз айтты.
Мерекелік кеш соңында ата-аналар балаларына ақ батасын беріп, ризашылығын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
{gallery}alakol2{/gallery}