{gallery}6522{/gallery}
Талдықорған өңірі «Иман» мешітінің бас имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлының бастамасымен сауапты ізгілік жолға қойылған «Қайырымдылық етсең көресің қайырымын» атты қайырымдылық шара өтті. Бұл шараға ұйытқы болған Текелі қалалық «Керімбек би» мешітінің бас имамы Аман Айтбосынұлы және жамағаттың үлесі өте зор. Мешіт жамағатымен көрікті дегендей, бірі тәтті бәлішін, ыстық бауырсағын, бірі палауын және басқа да тағамдардардың сан түрін жамағатқа ұсынып ең төменгі бағамен саудалады. Жәрмеңкеге қойылған тағамдар берекелі болғаны сонша ақырында жетпей қалып, жемесемде үлесім болсын деп қаржылай көмек бергендер де болды. Алла сүйген құлын сынайды дегендей Ауелбеков Аманкелді Нұрланұлы 1963ж дүниеге келген, 1 топ мүгедек, 7 жылдан бері арбаға таңылған күйде күн кешуде. Қайырымдылықта жиылған 36 800 теңгені емделуге жамағат алдында табыстадық Алла қабыл алып, сауығып кетуін нәсіп етсін.
Текелі қалалық «Керімбек би»
мешітінің ұстазы Ғазиз Нұржол