×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/nur3
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/nur3
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Адам өмірі басты құндылық

08 Mar 2019 0 comment Оқылды: 719 рет

Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен «Адам өмірі басты құндылық» тақырыбында кездесу өтті. Шараға осы басқарма мекеме бастығының орынбасары полиция майоры Думан Танғытұлы және мекеме инспектор-психологы Динара Айдарбекқызы, орталық «Иман» мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Нұрқожаұлы, Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің найб имамы Алпысбаев Жансерік қатысты. өзекті мәселелерді қозғап, қоғамымызда орын алып жатқан суицид, өз-өзіне қол жұмсау сөз еті.
Қазіргі таңда «суицид» дегенді жиі естиміз. Шыны керек, тіпті таң қалмайтын болдық. Ең өкініштісі сол – өз-өзіне қол жұмсаушылардың арасында жастардың саны басым.
Адамдардың өз өмірлерін қиюына не себеп?
Психологтар суицидтің басты себептерін анықтаған:
1. Жеке отбасы жағдайы (ажырасу, жақындарының өлімі, жалғыздық, «баянсыз» махаббат);
2. Денсаулығы (күйзеліс, жүйке жүйесі аурулары, мүгедектік);
3. Оқудағы немесе жұмыстағы келіспеушіліктер (әкімшілік жазадан қашу, масқара болудан қорқу).
Бұл аталғандарға діни сауатсыздықты да қосқымыз келеді.
Неге десеңіз,ислам зорлық-зомбылыққа, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсауға қатаң тыйым салады. Өзін-өзі өлтіру, біреуді өлтіру – ең ауыр күнәларға жатады.
Өйткені өзін-өзі өлтіру шариғатта жаратқанның жазмышына қарсы шыққанмен тең.
Ал сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі. Әрбір қиындықтан кейін жеңілдіктің келетініне сенеді. Құдайдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді. Ең қиын сәттерде де өзін өлтіруге бармайды.
Бұл өмірде әр адам әр сәт сайын қиын жағдайлармен бетпе-бет келіп жатады. Бірақ, олардың ешқайсысы текке кетпейді. Иманды жанның бұл дүниедегі тартқан азаптары мен көрген қайғы-мұңдары арғы өмірде мәңгілік бақытқа айырбасталатыны пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде білдірілген. Ендеше, адам баласының бұл өмірде белгілі бір мөлшерде қасірет тартуы заңды құбылыс. Оған иман тұрғысынан қарауымыз керек. Өйткені, Алла тағала жай адамға ғана емес, барша пайғамбарларға да небір адам төзгісіз сынақтар берген.
Сондықтан адамның өмірі қандай болмасын, басына қандай қиындық түспесін, өзіне қол жұмсамақ түгілі, өлім тілеуіне де болмайды. Өйткені адамның жаны, тәні, өмірі – Жаратушы тарапынан берілген аманат. Бір қиыншылықтан кейін екі қуаныш болатындығын ,бұл иләһй дәстүр екенін ұмытпа.
Өмірде қандай қиындық көрсе де, Жаратушыдан күдер үзбей, тәуекелшіл бола білу, жақсылықтан үміт ету нағыз мұсылмандық қасиет екенін кеңінен түсіндіріп өтті.
Ақын Майлықожа айтқандай:
Адамның күні бар ма сыналмаған,
Бақ тайса мал менен бас құралмаған.
Күніне тоқсан түрлі көрсең пәле
Сонда да күдер үзбе бір Алладан!

{gallery}nur3{/gallery}

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз