Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе» атты білім сайсы өтті. Қатысқан жамағат сегіз топқа бөлініп компьютер және бейнетақта (проектор) арқылы «Ақида, фиқһ, ислам тарихы және Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен» тест сұрақтарына жауап берді. Онымен қоса көрермен болып отырған жамағаттарға ауызша сұрақтар қойылып, үздік жауап бергендер сый-сияпаттармен марапатталды.
{gallery}nur1{/gallery}