Алакөл ауданы, Көктұма ауылдық Әмірқожа мешітінің имамы Серік Ахылбекұлы, мешіт жамағатымен бірлесе ауылдық мәдениет үйінде "Ата-анаға құрмет - перзент алдындағы міндет" атты рухани іс-шара ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары және ауыл тұрғындары, жалпы саны 200ге жуық адам қатысты. Мешіт имамы "Ата-анаға құрмет" турасында уағыз айтты. Мешіт жамағаттарының балалары бірлесе ата-ана турасында монолог оқып, өлең арнап, ата-аналарына зор алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелер турасында әдемі көріністер қойып, көрермендердің көңілінен шықты. Кеш соңында ауыл ақсақалы Мәмәдияр қария осындай тағылымы мол игі бастамалардың ұрпақ тәрбиесіне берері мол екенін айтып, ауыл имамы мен осы шараға атсалысқан барша жамағатқа көпшіліктің атынан өз алғысын білдірді. Игі шарадан кейін мешіт хатымханасында қонақтарға арналған дастархан жайылып, ас берілді. Жиылған жұрт өз алғыстарын білдіріп, кештен алған әсермен көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
{gallery}alakol3{/gallery}